Екінші орынды иеленді

«Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Өз қолымнан жасаған мультфильмім» атты облыстық конкурс өтті. Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында ұйымдастырылған конкурсқа Қостанай облысының жалпы білім беретін мектептерінің 7-8 сынып оқушылары қатысты.
Атаулы байқауға «Шұғыла» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының «Балақай» қуыршақтар үйірмесінің оқушысы Ғибрат Меңдібаев «Үйшік» мультфильмімен сайысқа қатысты. Туынды қуыршақ көлеңкесі арқылы түсірілді. Нәтижесінде ол жүлделі II орынды иеленді.
Әнет ЖҰМАБЕК
Аманкелді ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓