Еңбек еленді
Арқалыққа арнайы іс сапармен келген «Қостанай облысы бойынша ауылшаруашылық саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ төрайымы Зәуре Жұмабекова министрліктің марапатын жеткізді.
Зейнет жасына толған, Арқалық қалалық ветеринарлық станциясының басшысы Батырхан Ғайсин Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі жанындағы Ардагерлер ұйымының төсбелгісімен марапатталды.
Мәртебелі марапатты қала әкімі Әмірхан Асанов салтанатты түрде табыс етіп, ветеринария саласында тапжылмай қырық жылдан астам уақыт табысты еңбек етіп келе жатқан Батырхан Әнуарұлына аталған саладағы ерен еңбегі үшін алғысын айтып, ұлттық-салт дәстүрімізге сай иығына шапан жапты.
Сондай-ақ, осы саладағы нәтижелі еңбегімен танылған өзге де бірқатар басшы, қызметкерлерге Қостанай облысы бойынша ауылшаруашылық саласы кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасы салтанатты түрде табыс етілді.
Мұрат
Жүнісұлы
Арқалық қаласы.