Сағын аға ізімен

Тобыл өңірінде тұңғыш рет Сағын Жалмышев атындағы республикалық домбырашылар конкурсы өтті. Үш күнге созылған күйшілер сайысы бүгін мәресіне жетті. Қазылар алқасының шешімімен Арқалық қаласынан келген Данияр Ырысбек бас жүлдені қанжығасына байлады.IMG_1159
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының қолдауымен өткен додаға еліміздің 14 өңірінен 24 өнерпаз қатысты. Домбырасын арқалап келген қазақ жастарының бәрі шебер күйші. Сағын Жалмышев атындағы бірінші республикалық домбырашылар байқауына Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Петропавл, Шымкент және Қостанай қалаларының орандаушылары қатысты.IMG_1123
IMG_1176Қатысушылардың орындау шеберлігін бағалауға дүлдүлдер келіп, қазылар алқасына төрелік етті. Олардың ішінде Ақтау қаласынан келген Маңғыстау күй мектебінің өкілі, еліміздің үздік домбырашыларының бірі,  бүтіндей бір музыканттар буынының тәрбиелеушісі Сержан Шақрат, «Қазақстан Республикасы білім беру саласының Құрметті қызметкері» белгісінің иегері Ерлан Сақтанов,  республикалық конкурстардың бірнеше дүркін лауреаты Әлімжан Әбсадықов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармониясының қазақ ұлт аспаптар оркестірінің дирижері Назымбек Молдахметов және  қазылар алқасының төрайымы республикалық және халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Айгүл Үлкенбаева бар.IMG_1016
 
IMG_1166Сағын Жалмышев атындағы республикалық домбырашылар байқауының жүлде қоры 1 миллион 450 мың теңгені құрайды. 1,2,3 орын, сондай-ақ, Гран-при иегерлері бүгін анықталды.
 
IMG_1040Тұтас ел бойынша тұңғыш рет Тобыл топырағында төл өнерді насихаттаушылар байқауы жоғары деңгейде өтті. Бабы келіскен, бағы жанған жастар бірінен бірі асып түседі. Қорытында концерт қалалық балалар музыкалық мектебінің акт залында өтті. Концертті тамашалауға келген көрермендер лық болды.
–Кешеден бері Тобыл-Торғай арасы күмбірлеген күйдің мерекесіне айналды. Осы бастамамызды қолдап, байқаудың жоғары дәрежеде өтуіне қазылар қауымы көп үлес қосты, алыс жақыннан келген қатысушыларға, олардың шашбауын көтеріп келген ұстаздар қауымына мың алғыс. Бұл іс келешекте әлі де жалғасын табады деген сенімдемін, – деп облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов бас жүлдегер Данияр Рысбековті марапаттады.  IMG_1139IMG_1144
–Бүгінгі шараға көңілім толғаны соншалық тіпті ернеуінен асып, шалқып отырмын. Бұл Қостанай тарихында алғаш болып жатқан шара шығар. Бұл жерде мәдениет саласында жүрген азаматтар мен Назымбек бауырымның еңбегін ерекше айтар едім. Бұл бастама әрі қарай жалғасын тауып жатқаны дұрыс. Аяғым жетсе мұндай мереке қай жерде өтке де баруға әзірмін. Сағын Жалмышевпен өнер жолында танысып, бірге жүрген едім. Сайысқа түскен жастардың өнері көңілімнен шықты. Риза болып отырмын, келешек ұрпаққа. Бұл мерекенің осылай өтетініне сенімді болдым. Домбыраның мәртебесін ауызбен айтып қана қойымай осындай шаралармен көтере беруіміз керек, – деді Сержан Шақрат ағамыз.IMG_1107
Сахна төріне шығып көпшілікке алғысын айтқан Сағын Жалмышевтің бауыры Сейілхан Жалмышев ендігі домбырашылар байқауы Арқалық қаласында өтсе деген ұсынысын білдірді.
 
Айтолқын Айқадамова,
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓