«Адалдық алаңы»

Осындай атаумен «Nur Otan» партиясы Арқалық қалалық филиалының мәжіліс залында мектеп ұстаздарының арасында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға «Nur Otan» партиясы Арқалық қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, «Партиялық бақылау» комиссиясының мүшесі, Арқалық қалалық мәслихатының депутаты Сабыржан Тасмағанбет қатысты.
Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа моделі қолданыста. Осы мақсатта «Адалдық алаңы» атты ауқымды жоба жүзеге асырылуда.
Жоба аясында еліміздің барлық саласында бірқатар өміршең іс-шаралар атқарылып, аз уақыт ішінде халық арасында оң бағасын алып үлгерді.
– «Адалдық алаңы» жобасының басты бір ерекшелігі – еліміздегі жаңа ілім, жаңа ұғым, басқарудың жаңа құралы «Жобалық менеджмент» қолданылуында. Яғни, белгіленген мерзім ішінде көздеген мақсатқа қол жеткізу. Мақсат анық, бағдар айқын. Ол – жемқорлықтың алдын алып, сананы өзгерту, ояту.
Жоба ең алдымен, адамның санасына сәуле түсіріп, адамды, қоғамды түзетуге бағытталған. Сондықтан, адалдық, әділдік жолындағы басты құндылығымыз – қоғам. Ал, қоғамды өзгертер күш – білім мен адал еңбек, – дейді шараны ұйымдастырушылар.
Мұрат
 Жүнісұлы
Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓