Біліктілігін арттырды

Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаментінің аудан-қалалардағы басқармаларының, бөлімдерінің басшыларына арналған өртті бақылау бағыты бойынша семинар өтті. Басқосу барысында тәртіпті нығайту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын жүргізу мәселелері талқыланды.      
Жиында сөз алған өртке қарсы қызмет полковнигі Алмас Оспанов түрлі қабылдау комиссияларына қатысу кезінде, оның ішінде жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлігін заңдастыру рәсімін өткізуде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуіміз керек, деді.
Сондай-ақ, басқосуға жиналғандар сыбайлас жеморлыққа қарсы заңнаманың талаптарын, мемлекеттік қызметшілер этикасын бұлжытпай сақтауға бағытталған алдын алу шараларына зер салды. Департамент қызметкерлерінің жол жүру оқиғаларын сақтау қажеттілігі назарға алынды. Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарын жіберген қызметкерлерге қатысты ең қатаң шаралар, тіпті қызметтен босатып, қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны жөнінде ескертіп өтті. Сонымен қатар, жеке сот орындаушылармен айыппұлдарды мәжбүрлеп алу бойынша бірлесіп жұмыс жасау мәселесі қозғалды.
Департаменттің ТҚ және ҚТ бас маманы Алмат Жаныспаев ақпараттық жүйемен жұмыс істеудің талаптарын жиналғандарға жеткізді. Сонымен қатар құқық тәртібінің заңдылығын қамтамасыз ету үшін әкімшілік бұзушылықтар туралы мәліметтердің толықтығы мен уақытында енгізуін жүзеге асыру электронды базамен жұмыс істеу тәртібіне назар аударды.
Департаменттің ӨҚСБ және ПҚБ ТНБ бастығы  Дмитрий Шилко 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген ҚР кәсіпкерлікті түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша кейбір заңнама актілеріне енгізілген өзгерістер туралы айтып берді. Әсіресе, ҚР "Рұқсат беру және хабарламалар туралы" заңына сәйкес, өрт автоматикасының жүйелері мен құрылғыларын пайдалануға қабылдау комиссияларына МӨҚ органдарының қатысу рәсімі алынғаны туралы тоқталды. Әрі қарай, бақылау мен қадағалаудың өзге нысандарын өткізу кезінде заңнаманың өзгерістерін іс жүзінде қолдану қажет, деді ол.
Департаменттің ӨҚСБ және ПҚБ аға инженері Тұрлыбек Ғабдуллин соңғы жылдары болған тілсіз жаудың себеп-салдарын талдап, алыста орналасқан елді мекендердің аумағында өрт сөндіру бекеттерінің қызметін ұйымдастыру бойынша сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімін дұрыс жүргізу үшін қалалар мен аудандардың ТЖ басқармалары мен бөлімдеріндегі жауапты лауазымды тұлғалары оны зерделеу қажеттілігі әрі туындайтын өзекті мәселелеріне мән беруі қажеттігін тілге тиек етті.
Д.ШИЛКО,
ӨҚСБ және ПҚБ ТНБ бастығы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓