Цифрлық теңге тұтынысқа енеді

2021 жылдың екінші жартысында «Цифрлық теңге» ілкі жобасы іске асырыла бастайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Осы жылғы 5 мамырда Ұлттық банк цифрлық валюта шешетін міндеттерді, оларды шығару және тарату әдісін, қолданылатын технологияны, ақша-кредит саясатына, қаржылық тұрақтылыққа және төлем қызметтері нарығына әсерін анықтай отырып, жария талқылау және артықшылықтар мен тәуекелдерді жан-жақты зерттеу үшін «Цифрлық теңге» баяндамасын жариялады», – деді Ерболат Досаев.
Оның атап өтуінше, баяндамада цифрлық валютаның технологиялық және экономикалық сипаты, Ұлттық банктің цифрлық теңгені зерттеу және енгізу тәсілдері, ықтимал әсерлерді алдын ала бағалау, сондай-ақ пилоттық жобаның сипаттамасы мәселелері қамтылған.
«Енгізудің ықтимал әсерлерін зерттеу нәтижелері, ілкі жобаның қорытындысы және мүдделі тараптармен талқылау бойынша цифрлық теңгені енгізу қажеттілігі туралы шешім қабылданады және жол картасы әзірленеді. Ілкі жоба 2021 жылдың екінші жартысында іске асырылатын болады», – деді Ұлттық банк төрағасы.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓