“Жолда қабылдау” акциясы өтіп жатыр
Ұзақ уақыт үзілістен соң өз жұмысын қайта бастаған акцияның бірінші күнінде қатысушылар саны көп болды. Акция полицияның фронт-кеңселерінде және арнайы белгіленген пункттерде өтіп жатыр.Сонымен қатар, тікелей ПД әлеуметтік желілерінде тікелей эфир ұйымдастырылды. Онда азаматтар толғандыратын проблемалық сұрақтар қояды. Коронавирус инфекциясы пандемиясына байланысты сұрақтардың басым бөлігі Қостанай облысы полиция департаментінің ресми аккаунты арқылы түсті. Айта кету керек, бүгінгі таңда қостанайлықтарды Қазақстанда шетелдік автокөліктерді тіркеу мәселесі ерекше толғандырады. Сондай-ақ, карантин режимінде көшеде жүрудің шектеулеріне көп көңіл бөлінді. Әкімшілік полиция мамандарымен қатар, қала тұрғындарының сұрақтарына көші-қон қызметінің, жергілікті полиция қызметінің және жол-техникалық инспекциясының қызметкерлері жауап беруді.
Тікелей эфирлер 17 және 18 шілдеге жоспарланған. Бірінші күні Әкімшілік полиция бастығының орынбасары полиция полковнигі Асқар Наратауов пен Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Виталий Цой халық үшін өзекті сұрақтарға жауап берді.Естеріңізге сала кетейік, "Жолда қабылдау" акциясы бүкіл ел бойынша өткізілуде, оның басты мақсаты – халықтың полицияға деген сенімін арттыру.
"Азаматтармен диалог – сервистік полицияны дамытудың маңызды элементтерінің бірі. Пандемияның күрделі кезеңінде бұл бағыттағы жұмыс аса маңызды", – деп атап өткен болатын ҚР ІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаев.