Пәтер кілті тапсырылды
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшыларына көптен күткен пәтерлерінің кілтін табыс етті. Салтанатты жиында өңір басшысы сөз сөйлеп, қуаныш иелерін құттықтады.

-Елбасының тапсырмасымен және 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында пәтерлерді табыстауға мүмкіндік алып отырмыз. «Бәйтерек» Ұлттық Басқарма Холдингімен жаңа меморандумға қол қойдық. Егер былтырғы жылы 126 пәтер берілген болса, биыл сол көрсеткішті 4-5 есеге көбейтуді көздейміз. Алдағы уақытта тағы да баспаналар бой көтереді. Сол себепті де қуанышты күндеріміз көп болады деп сенемін,-деді облыс әкімі А. Мұхамбетов.

Тұрғындарға пәтер кілтін табыстау рәсімінде «Бәйтерек» Холдингі басқармасының төрағасы Қуандық Уәлиханұлы сөз алды:

-Бұл – ерекше сәт. Сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Осындай тамаша кезең сіздердің еңбектеріңіз бен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» бағдарламасының аясында жүзеге асып отыр. Өздеріңіз білетіндей, пәтер арнайы қол жетімді бағамен сатылады,-деді «Бәйтерек» Холдингі басқармасының төрағасы.



Кенже ҚОНЫСБАЙ.
Суреттерді түсірген автор.