Қашықтан қызмет көрсету алгоритмі

Мемлекет басшысының елде төтенше жағдай режимінің енгізілуі нәтижесінде табысын жоғалтқан азаматтардың кейбір санаттарына және кәсіпкерлерге материалдық қолдау көрсету бойынша тапсырмасын іске асыру мақсатында оларға 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы төленеді. Бұдан басқа, Birgemiz қоры Қазақстанның барынша мұқтаж азаматтарына 50 мың теңгеден бөледі, ол да жеке тұлғаның екінші деңгейдегі банктегі карточкалық немесе ағымдағы шотына аударылады. Бұл төлемдерді есептеу үшін ақша қаражаты аударылатын карточкалық шоттың болуы қажет.пенсия
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 10 сәуірдегі отырысында берген тапсырмасы шеңберінде Агенттік екінші деңгейдегі банктермен банктердің бөлімшелеріне бару қажеттілігінсіз төлем карталарын қашықтан алу алгоритмін пысықтады.
Қазіргі кезде әлеуметтік жәрдемақы алу үшін банк карталары қашықтан әрі тегін ресімделеді. Он үш екінші деңгейдегі банк уровня ( "Kaspi Bank" АҚ, "АТФБанк" АҚ,  "ЦентрКредит Банкі" АҚ,  "Евразийский банк" АҚ, "Қазақстан Халық Жинақ Банкі" АҚ, «ForteBank» АҚ,    "Ресей Жинақ банкі" АҚ ЕБ,  "Хоум Кредит энд Финанс Банк" АҚ ЕБ,  "First Heartland Jýsan Bank" АҚ,  "Bank RBK" АҚ, "Альфа-Банк" АҚ ЕБ,   "Нурбанк" АҚ, "Altyn Bank" АҚ,), сондай-ақ «Қазпошта» АҚ бұл қызметті қашықтан қызмет көрсетеді.
Ол үшін:
 · мобильдік қосымшада (егер болмаса, жүктеу және орнату), не банктің сайтында шот ашу
· тіркелу және қашықтан сәйкестендіруден өту
 · мобильді телефон нөмірін және ЖСН енгізу
· жеке куәлікті сканирлеу (сұратқан жағдайда)
· картаның ашылғанын растау үшін SMS кодын енгізу қажет.
Клиент бірнеше минут ішінде шот нөмірі бар SMS алады. Кейбір екінші деңгейдегі банктер сондай-ақ картаны жеткізу бойынша қызмет көрсетеді ( "Қазақстан Халық Жинақ Банкі" АҚ, "First Heartland Jýsan Bank" АҚ, "Альфа-Банк" АҚ ЕБ). Орташа алғанда бұл рәсім 1 – 5 күн аралығында жүзеге асырылады.
Сонымен бірге, клиенттер үшін онлайн сервистердің басқа да қызметтері қолжетімді болады, олар коммуналдық төлемдерді, байланыс қызметтерін төлеу, салым ашу, салықтық және кедендік төлемдерді жүргізу, жалақы аудару, ақша қаражатының жіберілу жолын қадағалау, POS/SMART терминалдар бойынша үзінді-көшірме алу. Барлық операциялар комиссияларсыз жүзеге асырылады.
Бүгінгі күні еліміздің 1 013 558 азаматтары қашықтан карточкалық шот және төлем карточкасын ашқан және олар шамамен 700 мыңдай клиенттің үйіне жеткізіліп берілген. Төтенше жағдай енгізілгеннен бері «Қазақстанның Халық банкі» АҚ қашықтан 564 615, Kaspi Bank – 358 884, Forte Bank АҚ – 26 745, «Банк Центр кредит» АҚ – 25 258 төлем карточкасын ашқан. «Қазпочта» АҚ 88 397 төлем карточкасын үйге жеткізіп берген.
 
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Қостанай қаласындағы
өнірлік өкілдер басқармасы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓