Ыстық су ағытылды
Қостанайда жылу желілерін жылдағыдай жоғары қысыммен сынау жұмыстары басталды. Осыған байланысты қалада ыстық су уақытша ағытылады.
Алғашқы болып қала орталығы ыстық судан ажыратылды. Ресми мәліметтер бойынша, тұрғындарға 27 мамырға дейін тоса тұруларына тура келеді.
Ал 17-27 мамырда КЖБИ шағын ауданында, 31 мамыр мен 14 маусым аралығында КСК шағын ауданында ыстық су тоқтайды. 2-11 маусымда Юбилейный, 7-14 маусым аралығында Әуежай шағын аудандары жылы судан ажыратылады.