Сақтық шаралары күшеймек

Облыстық әкімдікте қала мен аудан әкімдерінің басын қосқан селекторлық кеңес өтті. Онда дала және орман өрттерінің алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар қарастырылды.
Ағымдағы жылға облыстағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттерінің алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес барлық шаралар қолға алынған. Орман шаруашылығы мекемелері биылғы жылғы өрт қауіпті маусымына барлық қажетті алдын алу шараларын орындаған. Осы кезеңге өткен жылдың күзінен бастап дайындалып, қазіргі уақытта ұзындығы 52 мың шаршыдан астам минералдандырылған жолақтар қара бу күйінде тұр.
Кеңесте қаралған екінші мәселе шомылу маусымында адам өлімінің алдын алу және болдырмау бойынша қабылданып жатқан шаралар жайы болды. Облыс бойынша 9 ресми жағажай жұмыс істейді. ТЖ департаментінің сүңгуірлері жыл сайын қалалық жағажайлар, балаларды сауықтыру лагерлері мен демалыс базаларының су қоймаларының түбін тексереді. Бүгінгі күні Департамент бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ауқымды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде, сондай-ақ халыққа жадынамалар таратылуда, мектептерде интерактивті сабақтар өткізіліп тұрады.
Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі қала мен аудан әкімдіктеріне дала өрттерін сөндіруге бақылауды күшейтуді, сондай-ақ 2021 жылдың жазғы кезеңінде су айдындарында халықты дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓