Жағдай тұрақты

Облыс әкімі А.Мұхамбетов КВИ таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың кезекті отырысын өткізді.
Штаб отырысы барысында мониторингтік топтардың жұмысы қарастырылды. Осылайша, мониторингтік топтар 2021 жылғы 1 наурыз бен 4 мамыр аралығында 3 116 рейдтік іс-шара өткізді, 146 карантиндік шараларды бұзушылық анықталды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы эпидемиологиялық жағдай және вакцинация барысы туралы ақпарат берді.
Облыс аумағында вакцинациялаудың бастапқы және қайталама кезеңдеріне арналған кабинеттер жұмыс істейтін 31 медициналық ұйым (оның ішінде 5 жеке ұйым) жұмылдырылды. Вакцинацияны 62 стационарлық және 31 жылжымалы егу пункттері жүргізеді. Бүгінгі таңда бірінші компонентпен 50 445 адам вакцинацияланды.
Облысқа "Спутник V" вакцинасының бірінші компонентінің 74 мың дозасы және екінші компонентінің 24 мың дозасы, сондай-ақ QazVac вакцинасының 2 мың дозасы және "Hayat-Vax" 14 мың дозасы жеткізілді.
Жалпы облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Аймақ басшысы облыс тұрғындарын өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығы үшін жауапкершілік танытуға және COVID-19-ға қарсы уақытылы вакцинациядан өтуге шақырды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓