Тілді үйрену үшін ниет керек
Мәжіліс депутаты Юлия Кучинская Қостанай облысына келіп, қалада бірнеше кездесулер өткізді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаты Юлия Владимировна этносаралық қатынастардың өзекті мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін жұмыс сапарымен келді.
Бағдарламаға сәйкес депутат Бейімбет Майлин ауданына және Рудный қаласына барды.
Сонымен қатар, конфессия өкілдерімен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен және ҮЕҰ, БАҚ, «ҚЖЭК» МКК-нің еңбек ұжымымен, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-да шағын және орта бизнес субъектілерімен кездесулер өткізді.

– Жаңа жыл қарсаңында жақсы кездесу болып отыр. Қазақстан халқы ассамблеясы бүгінде көптеген істі қолға алып, жүзеге асыруда. Қайырымдылыққа бағытталған қаншама жобалар бар. Алдағы уақытта да біз бас біріктіре отырып, қандай қиындықты болмасын еңсере алатынымызды ұмытпауымыз керек. Тіл мәселесі де бүгінде көп айтылып жүр. Өз басым мемлекеттік тілді жетік меңгере алмадым. Әрине, бұл менің қателігім. Бірақ талпыныс бар. Бүгінде тіл саясатын дамытуда барлық жағдай жасалуда. Тілді меңгеріп алу әр азаматтың парызы, – дей келе депутат этносаралық келісімге, тіл мәселесіне тоқтала кетті. Юлия Владимировна осы сапары мен кездесуінің басты мақсаты елдегі ұлтаралық келісімді қамтамасыз етіп, тіл саясатын жүзеге асырудағы жұмыс тәсілдерін жеткізу екендігін атап өтті.