Ауыр қылмыс тергеліп жатыр

Қостанай облысының қылмыстық соты кісі өліміне қатысты істі қарау үстінде.
Іс материалы бойынша, өткен жылдың 18 қарашасында Алтынсарин ауданы Докучаев ауылында 19 жастағы тұрғын 47 жастағы көршісімен спирттік ішімдік ішкен. Отырыс кезінде стакақандастардың үлкені бұған дейін екіншісінің үстінен ұялы телефон ұрлағаны туралы арыз жазғанын айтады. Бұл әңгімені ұнатпай қалған жас жігіт мас күйінде көршісін пердемен қылқындырып, кейін асүй пышағымен екі жерден ауыр жарақат салған. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмады. 
"Күдіктінің үстінен ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлімі) бойынша іс қозғалды. Сот талқылауы жақын күндері өтеді", – делінеді облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарламасында.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓