Жаңа жинақ жаңалығы

книга оспановаСерікбай Оспанұлы – сан қырлы өнер иесі. Ол – ақын, қолөнер шебері, жазушы, сатирик, журналист, ғалым, ұстаз, күйші, әнші, сазгер…              
Сегіз қырлы сері жерлесіміздің жақында "Арақарағай – арман-ай" атты жаңа жинағы жарық көрді. Бұл кітапқа оның әр жылдары жазған екі жүзден астам ән мәтіндері мен өз әндері топтастырылған.
Бұл жинаққа енген әндердің орындалып та, орындалмай да жүргендері бар. Әсіресе, кең тарағаны "Сағындым Алматымды" (әні А.Қоразбаевтікі). 1974 жылы жазылған бұл әнді Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова, Ресей әншісі Валентина Толкунова, "МҰЗарт" тобы, қостанайлық жезтаңдай әншілер С.Әбілов пен Г.Абдуллина, тағы басқа әншілер орындайды. "Шилі өзен" (композиторы М.Сәдібеков) әнін Қазақстанның еңбек сіңірген әншісі Айжан Нұрмағамбетова мен қостанайлық Күнсұлу Жақаева нәшіне келтіре шырқайды. Сондай-ақ, "Қостанай жырын" Гүлжайна Ғұмарова, "Бақытты болыңдар, жұбайлар!" (композиторы А.Қоразбаев) әнін ерлі-зайыпты Қанат, Айткүл Құдайбергеновтер, "Ауылды аңсау" (композиторы Е.Хасанғалиев) әнін Қазақстанның еңбегі сіңген әншісі Сұлушаш Нұрмағамбетова, "Арақарағай– арман-ай" әнін (композиторы Е.Үсенов) Гүлмира Үмбетова, Секеңнің өз әндері "Ойлап сені таптым менді" әнші Майра Ілиясова, "Тобыл ағадыны" Е.Өмірзақов атындағы Қостанай филармониясының белді әншісі Манапбек Кәдіров, "Кездесем ертеңді" Азамат Мұқатов , "Қостанай" әнін Гүлжайна Ғұмарова орындайды.
Жинаққа енген әндердің біразы сахналарда, радио, теледидарда шырқалып жүр.
Жаңа жинақ келер жылы жетпіс атты желмая жасқа келетін бір-туар таланттың өз оқырмандарына ерекше тартуы. 
Сәлім  
   МЕҢДІБАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓