Таңғажайып ертегілер әлемінде

Кітапты насихаттау мақсатында, Аманкелді аудандық орталық балалар кітапханасы "Балдырған"  балабақшасында "Таңғажайып ертегілер әлемінде" атты әдеби саяхат өткізді.
ертегі1Мерекелік шараның мақсаты жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Сондай-ақ, ертегілер әлеміндегі  кейіпкерлер арқылы балаларды адамгершілікке, эстетикалық тәрбиелеу.  Бүлдіршіндер әдеби саяхатқа белсене қатысып, ертегі әлемінің қызығына қанықты. Кітапхана қызметкерлері "Түлкінің айласы", " Шұбар тауық" ертегілерінің желісі бойынша қойылым сахналап, "Қошқар мен теке"  анимациялық фильмін көрсетті. Осылайша, балаларға  татулық, достық атты ұғымдар насихатталды. Шара барысында бүлдіршіндерге жұмбақтар да жасырылып, көрмедегі әсем безендірілген ертегі, қызықты ойындар көрсетілді.
         Зарина МҰСАБАЕВА,
Аманкелді аудандық орталық балалар кітапханасының меңгерушісі.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓