Шахматшымен кездесті
Қостанайлық жастар облысымыздағы танымал шахматшы Аманкелді Оралбаевпен кездесті.

– Шараның "Көшбасшымен кездесу" деп аталуы тегіннен тегін емес. Себебі, кездесуге облысымыздағы танымал азаматтар, әр салада жетістікке жеткен шығармашылық иелері шақырылды. Олардың табысты еңбек жолы кейінгі толқынға өнеге. Бұл жобаға қалалық мәслихаттың депутаты Т.Антонинова, бокстан спорт шебері И.Дычко, облыстық соттың бас маманы М.Адамбаев қатысқан болатын, – деді "Жас Отан" ЖҚ атқарушы хатшысы Ерлан Тулетаев.
Қымбат
ДОСЖАНОВА