9 айдың жұмысын қорытындылады
Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаментінде 2014 жылдың 9 айы бойынша өткізілген іздеу-құтқару жұмыстарының қорытындысы бойынша кеңес өткізілді. Басқосуға Қостанай облысының ТЖД және Солтүстік ӨАЖҚЖ авариялық-құтқару қызметтерінің басшылары қатысты.
Департаменттің өрт сөндіру қызметінің, суда құтқару қызметінің және СӨАЖҚЖ басшылары есеп беру баяндамаларында төтенше жағдайдан халықты қорғау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөніндеғі іс-шаралар туралы айтып берді. Есепті мерзімде құтқарушылар авариялық-құткару және өзге де кезек күттірмейтін жұмыстарды атқарды. 408 адам, оның 62-сі бала, құтқарылды. ТЖ аймағынан 13 адам эвакуацияланды. 26 адамға дәрігерге дейінгі көмек көрсетілді. Департамент басшысының орынбасары Т.Кәкімов кеңес жұмысын қорытындылап, қатысушыларға жеке құрамның қызметін жетілдіру қажеттігін атап өтті.