
Бұл күндері еліміздің түкпір-түкпірінде қазақстандықтардың шынайы және кең қолдауына ие болған мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күнін атап өтуге арналған әртүрлі іс-шаралар көптеп өткізілуде. Облыс орталығындағы кітапханаларда тақырыптық кештер, аула клубтарында спорттық іс-шаралар ұйымдастырылуда.
30 қараша күні қалалық балалар шығармашылығы мектебінде авиамодельдік спорт бойынша жарыс (сағат 10.00),
29-30 қараша күндері "Динамо" спорт кешенінде самбодан турнир (сағат 10.00),
1 желтоқсанда шахмат клубында шахмат турнирі (сағат 11.00) болады. Негізгі іс-шара
1 желтоқсан күні сити-орталықта (сағат 12.00) болады. "Мықты Көшбасшы – мықты ел!" атты мерекелік бағдарламада қостанайлық өнер ұжымдары өз өнерлерін көрсетеді.