Кәсібін кеңейтуге мүмкіндік алды

IMG_7130Ауданда бағдарламаның шапағатын көріп, бүгінде өз істерін дөңгелентіп жатқандар да, бар кәсібін әріқарай кеңейтуге мүмкіндік алғандар да жетіп артылады. Аталған бағдарламаның игілігін көріп отырғандардың бірі Тобыл кентінің тұрғыны Светлана Гоптарева.
Ұзақ жылдар бойы аудан орталығындағы наубайханада ең-бек еткен ол осыдан жеті жыл бұ-рын Тобыл кентінде өз наубайханасын ашқан болатын. Бүгінде аз да болса кәсібінің нәсібін кө-ріп отырған кәсіпкер жан жоғарыда аты аталған бағдарламаға қатысып, аз пайызбен шағын не-сиеге қол жеткізіп, көптен бері қолы жетпей жүрген құрал-жабдықтарды сатып алғанына қуа-нышты.
– Наубайханамыздағы нан пісіретін құрал-жабдықтардың бәрі ескірген, жаңасын сатып алуға мүмкіндік болмай жүрген еді. Екінші деңгейлі банктерден несие алайын десең, пайыздары өте жоғары. Міне, аталған бағдарламаның арқасында бес жылға бөліп төлеуге 1 млн. теңге несие алып, қамыр илейтін құ-рылғы мен нан пісеретін пеш сатып алдық. Біздегі басты проблема ол ғимарат мәселесі болып отыр, мына аядай ғимаратты жалға алып отырмыз. Әрине, кәсіптің қайсысы болмасын, оңай емес қой, сондықтан бәріне еңбектенуге тура келеді. Өмірде мақсатсыз адам болмайды, менің де алға қойған басты мақсатым – осы кәсібімді кеңейтіп, ауданымызға үлкен үлес қоссам деймін. Ол үшін болашақта осы несиемізді төлеп болған соң, тағы да қомақты несие алып, кәсібімізді әлі де кеңейтіп, тек бөлке нан пісірумен ғана емес, тәтті тоқаштар мен кондитерлік өнімдерді де пісірсек деп жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, үлкен "Газель" көлігін алып, нан өнімдерімен тек Тобыл стансасын ғана емес, аудан орталығы мен ауыл-аймақтарды да қамтуды ойлап жүрміз, – дейді бағдарлама қатысушысы Светлана Гоптарева.
Күніне 800 бөлке пісіріп, бүкіл Тобыл кентін нанмен қамтып отырған жеке кәсіпкердің ауылдағы алты адамды жұмыспен қамтып отырғандығын да айта кеткен жөн. Оның екеуі аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмылдырылған көрі-неді, бір жылға келісім-шартпен алған оларды кәсіпкер мерзімі аяқталған соң тұрақты жұмысқа қалдыруды да жоспарлап отыр. 
Қарлығаш ОСПАНОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓