ЖҰМЫССЫЗДАРҒА жол ашқан бағдарлама
Таранда да қарқынды жүзеге асырылуда
Елімізде жұмыссыздық мәселесі түбегейлі шешілмесе де, халықты әлеуметтік қорғау жолында көптеген мақсатты шаралар қолға алынған. Соның бірі – "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020" бағдарламасы. Аталмыш бағдарламаның игілігін бүгінде қалалықтар да, ауылдықтар да көріп жатыр. Таран ауданында да халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау бағытында жасалып жатқан шаралар аз емес екен. Әсіресе, жұмыссыздық мәселесін шешу мықтап қолға алынған. Соның нәтижесінде ауданда жұмыссыздық проблемасы оңтайлы шешіліп, жұмыссыз жүрген жандар екі қолға бір күрек табуда.
Аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры А.Сағитовтың айтуынша, өткен жылы Таран ауданы бойынша орталыққа 166 адам жүгініп, соның ішінде 48 адам әлеуметтік жұ-мыс орындарына, 19 адам "Жастар тәжірибесі" бойынша жұмысқа орналасқан. Ал, жеті адам 10 айлық кәсіптік даярлық курсынан, он адам 3 айлық қай-та даярлау курсынан өтіп, сегіз адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылған. Ал, биыл жыл басынан бері орталыққа жұмыс сұ-рап жүгінген 75 адамның бәрі бүгінде жұмыспен қамтылып үл-герген. Бағдарламаның екінші бағытында көзделген, яғни, шағын несиелеу арқылы ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту мақсатында да ауданда тиісті жұмыстар атқарылуда. Мәселен, өткен жылы шағын несиеге 37 адам қол жеткізіпті, бүгінде соның бәрі мал өсіріп, құс ұстап, бау-бақша егіп, жиһаз жасайтын шеберхана ашып, шаруаларын дөңгелентіп отыр. Өткен жылы шағын несиеге 67 млн. 150 мың теңге жұмсалса, биыл бұл бағытқа 90 млн. теңге бөлі-ніп отыр. Сондай-ақ, осы жылы өтініш білдіргендердің басым көпшілігі мал шаруашылығымен айналысуды көздеп отыр-ған көрінеді. Орталық директоры бағдарламаның арқасында шағын несие алып, кәсіп ашуға ниеттілердің қатарының кө-бейіп отырғандығын да айтады.
– Жұмыссыздықпен күрес жалғыз біздің ауданда ғана емес, еліміз бойынша қолға алынып, бұл жолда қаншама игі-лікті істер тындырылуда. Елбасымыз да жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауларында осы жұмыссыздық мәселесіне тоқталмай кетпейді. Өткен жылдардағы әлемдік қаржы дағдарысына байланысты "Жол картасы" бағдарламасын бекітіп, соның арқасында елімізде қаншама серпінді істер қолға алынды. Әсіресе, білім, денсаулық, мәдениет салалары бойынша көптеген жаңа ғимараттар бой көте-ріп, қаншама әлеуметтік нысандар күрделі жөндеуден өткізілді. Нәтижесінде, қаншама жұмыссыз жүрген жандар екі қолға бір күрек тапты. Бұл әрине дағдарыс кезінде жаппай жұмыссыздықтың белең алмауына өз септігін тигізді. Сондай-ақ, "Жастар тәжірибесі", "Дипломмен – ауылға!" бағдарламалары шеңберінде де қазірдің өзінде көптеген жас мамандар жұмысқа орналастырылуда. Елімізде қолға алынған "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020" бағдарламасының да басты мақсаты – жұмыспен қамтуды тұрақты да нәтижелі қолдау жолымен халықтың табысын арттыру, жұ-мыссыз және аз қамтылған халықты жұмыспен қамтамасыз ету. Бүгінде бағдарламаның арқасында шағын несие алып, өз кәсібін ашып жатқандар саны да артып келеді. Жалпы, халықты әлеуметтік қорғау біз үшін қай кезеңде де бірінші орында, – дейді аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Азамат Сағитов.
Қарлығаш ОСПАНОВА