Жаңа жоба эфирге шықты

Still0130_00000Арқалық қалалық "Арқа дидары" телеарнасы мен "Іскер жастар кеңесі" қоғамдық бірлестігінің жанынан құрылған "Алаң–Жұрт" пікір-сайыс орталығының ынтымақтастығымен жаңа жоба эфирге жол тартты.
 Жобаның басты мақсаты қоғамдық пікір тудыратын мәселелерді халық арасында кеңінен талқылау. Тұсаукесер эфир Қазақстан халқы Ассамблеясының–20 жылдығына арналды. Студия қонақтары: Қазақстан  халқы Ассамблеясының мүшелері – ардагер ұстаз Ж.Ғаббасов, Н.Құлжанова атындағы Тор-ғай гуманитарлық колледжінің директоры С.Тасмағанбет, аймақтық "Видергебург" неміс қоғамдық бірлестігінің төрайымы З.Пыхтиналар еліміздегі тұрақтылық пен бейбітшілік туралы әңгімелеп, оған Елбасының қосқан үлесін тілге тиек етті.
 Жаңа жоба аптасына бір рет эфирге шығады. Жүр-гізушісі "Алаң–Жұрт" пікір-сайыс орталығының жетекшісі А.Ахметжанов.   
Мұрат
      ЖҮНІСҰЛЫ
 Арқалық қаласы.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓