Науырзым ауданында – жаңа әкім

Бүгін Науырзым ауданында аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жергілікті активке жаңа әкімді Әбішев Қайратты таныстырды.
Әбішев Қайрат 1969 жылы Семиозер ауданы Тимофеевка ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: 1992 жылы Қостанай ауыл шаруашылығы институтын агроном мамандығы бойынша, 2015 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын экономика және бизнес мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Науырзым ауданы "Қара-құрай" бригадасының агрономы болып бастаған, сондай-ақ Әулиекөл ауданы әкімінің орынбасары, Ұзынкөл ауданы және Арқалық қаласының әкімі лауазымдарын атқарған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓