Дәрігерді соққыға алған

Қостанай қалсында травматология пунктінің дәрігерінің соққыға жығылуына қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, 3 мамыр күні сағат 23.50-де қалалық аурухананың травматологиялық пунктіне 26 жастағы ер адам жеткізілген.
«Ер адамның білегі кесілген. Ол қаралу барысында дәрігерге мінез көрсетіп, жұдырық жұмсайды. Пациент полицейлер келгенше оқиға орнынан қашып кеткен», – делінеді хабарламада.
Қазіргі уақытта «Адам денсаулығына орташа дәрежеде қасақана зиян келтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓