Абайсыздық – абыройсыздық

1 маусым – жылдағыдай суға шомылу маусымының басталатын күні. Осы кезеңдер – жағажайда адам толастамайтын, ал  құтқарушыларға тынымсыз жұмыс істеуге тура келетін шақ. Өйткені, өкінішке қарай, дем аламыз деп барып, қауіппен бетпе-бет келіп, тіпті абайсыз ажал құшатын жандардың саны көп. Мәселен, былтыр шомылу маусымында облыс көлемінде барлығы 21 адам қаза тапты. Ал биыл, облыс көлемінде маусым басталмай жатып-ақ, 2 қайғылы оқиға тіркеліпті. Құтқарушылар ескертпе жұмысына осы бастан кірісуде.шомылуМамандар Қостанай облысының суға шомылу кезеңіндегі қауіпсіздікті бақылау және адамдардың суда қаза болу себептері туралы түсіндірме жұмыстарын қолға алуда. Оқыс оқиғалардың негізгі себептері – немқұрайлылық, абайсыздық рұқсат етілмеген жерлерге мас күйінде шомылу, сондай-ақ балалардың бақылаудан тыс қалуы. Құтқарушылар маусымының басталуына дейін жағадайларды алдын ала   ретке келтіріліп, сүңгуірлермен өзен-көлдердің түбі тексеріліп, қалдық-қоқыс заттардан тазартатындарын айтты. Ата-аналарға бірінші кезекте жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайтынын, су айдындарының маңында қауіпсіздік ережелерін сақтамау, қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін екендігі туралы балаларға түсіндіру қажет. Жағажайға жиі мас күйінде келетін адамдар өз алдына бір бөлек мәселе. Мұндай жандар "алабөтен ескертулерден" қашып, жабдықталмаған жерлерде, түбі әрі ағысы белгісіз, құтқарушылар жоқ жерлерде шомылуды артық көреді. Сақтыққа барынша мән беру – кім-кімге болса да абырой.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓