Үш әріптесіміз – марапат иесі

Бүгін, 28 маусым – ҚР Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай облыс әкімінің орынбасары Б.А. Есімованың қатысуымен журналистика ардагерлерін, мерейтойлы басылымдарды, облыстық журналистика байқауының жеңімпаздарын ведомстволық наградалармен, құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен, диплом және сыйлықтармен марапаттау рәсімі болып өтті. Марапат иелерінің арасында әріптестеріміз, "Қостанай таңы" газетінің тілшілері бар. Атап айтқанда, Әлібек Ыбырай "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісін иеленсе, Мұрат Жүнісұлына министрліктің Құрмет грамотасы табысталды және Шұға Қоңқабай М.Сералин атындағы сыйлыққа лайық деп танылды.  Сонымен қатар, күннің бірінші жартысында мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдеріне арналған секциялық алаңдар ұйымдастырылды. Тренерлер ретінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі Максим Рожин және MediaNet Халықаралық журналистика орталығы бағдарламаларының жетекшісі Думан Смаков сөз сөйледі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓