Бірлігі берік, тірлігі бақуатты
Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдерінің ортақ Отаны. Сол себепті де 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні болып белгіленді. Сондай-ақ, бұл күн – Қазақстан халқы үшін ең ірі мерекелердің бірі. "Береке бастауы – бірлік, ел іші – тату тірлік" қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек. Атаулы мереке қарсаңында біз Қостанай облысының тұрғындары арасында сауалнама жүргізген едік.
облыстық мәслихаттың депутаты:
– Қазақ жерінде тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта татутәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқанын жыл сайын атап өтеді.
Бүгінде әрбір ұлтқа салтдәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Осының бәрі Елбасының қоғамдағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда.
Туған жердің төсінде құшағын жайған бейбіт елдің ішінде әрқайсымыз өз үлесімізді ел бірлігінің сақталуына бақытты, мазмұнды өмір кешуіне бірге атсалысып келеміз. Мемлекетіміздің экономикалық өсуі мен әлеуметтік ілгерілеуі қоғамдағы бірлігі ұйысқан жағдайда ғана жүзеге асады.
Осы күн Қазақстанның көпэтносты халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болып санала-ды. Бұл күні бір-бірімізді құттықтап, мейрамның маңыздылығын сезінген жөн.
Құрметті жерлестер! Бірлік мерекесі туған жер топырағына құт береке әкелсін! Барлық алға қой-ған мақсатарыңыз орындалсын. Қуанышты, табысты, сәтті күндеріңіз көп болсын!
Меңдіқара ауданы ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы:
Құрметті отандастар! Құрметті жерлестер! Қа-зақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың, діни сенімдер мен конфессиялардың адамдары бірлікте, бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп, еңбек ететін Қазақстан үшін ең символикалық күндердің бірі.
Биыл ҚР Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толып отыр. Сол уақыттан бері біз басты байлығымыз – этносаралық келісімді, достықты, мейірімділік пен өзара түсіністікті сақтап, арттыра алдық.
Қоғамдық институт ҚХА және кеңесші-консультативтік органдар өңірлердегі қоғамдық келісім кеңестері ұлтаралық келісімді, этносаралық толеранттылықты нығайту және азаматтық қоғамда жанжалға жол бермей, басты миссияны орындап келеді.
Қазақстанда этностық өзіндік ерекшелікті, мәдениетті, тілді, дәстүрлер мен әдетғұрыптарды дамыту үшін тамаша мүм-кіндіктер мен жағдайлар жасалған. Біздің Меңдіара ауданында түрлі ұлт өкілдері тұрады. Олар әлеуметтік-экономикалық дамуға, бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға елеулі үлес қосуда.
Сіздерге зор денсаулық, еңбекте өркендеу, шығармашылықта даму, бейбітшілік пен өзара түсі-ністік, жанашырлық пен татулық тілеймін.
Жанкелдин аудандық мәслихатының депутаты:
– "Бірлік бар жерде тірлік бар" дейтін халқымыз үшін 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін халық асыға күтеді, айрықша жақсы көреді. Бұл күні 1995 жылдың 18 қазан айында Елбасымыз Н.Назарбаевтың Жарлығымен бекітіліп, 1996 жылдан бастап тойланып келеді. Бүгінде 130-дан аса ұлт пен ұлыстың бір шаңырақ астында атап өтіп келе жатқанына да 25 жыл толыпты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр мерекеде: "…Тарихтың сан қилы сын сағаттарында қазақ жерін паналап келген көптеген ұлт өкілдері бүгінде бір үйдің баласындай туысбауыр болды. Заманның тауқыметіне қарамастан, біздің халқымыз солардың бәрін бауырына тартып, барымен бөлісті. Егемен-дік алған жылдары, көп этносты, көп конфессиялы еліміздің келешегі туралы түрлі теріс болжамдар айтылды. Бұл – белгілі. Алайда, Елбасымыздың арқасында Қазақстан бүгінде түрлі этнос өкілдерінің киелі шаңырағына айналды, абыройлы, беделді мемлекет болды", – деген болатын.
Президент атап өткендей, бұл күні бір үйдің баласындай болған сан түрлі ұлыс өкілдері қиын-қыстау кезеңде өздеріне пана болған қазақ халқына алғыс айтып, өз өнерлерін паш етеді. Киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Бұл мереке осынысымен де ерекше.
Данышпан Абай "Біріңді, қазақ, біріңді дос көрмесең – істің бәрі бос" дейді. Ал Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхан "Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса, халықтық мақсат сонда орындалады. Бостандыққа апаратын жалғыз жол – ұлттық ынтымақ қана" деп халықты ынтымақ-бірлікке үндеген. Сан ғасырдан бері ата-бабаларымыздың ұстан-ған өнегесі жалғаса берсе екен деген тілек бар. Бір шаңырақ астында тату-тәтті тұрып жатқан барша отандастарды мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын!
Ауызбіршілігіміз әманда бірге болсын. Бірлігіміз жарасқан, өзге елдермен терезесі тең бейбіт ел екеніміз әрбір қазақстандыққа мақтаныш сезімін тудыратыны анық. Мереке құтты болсын!
облыстық ҚХА корей қауымының төрайымы:
Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкіл-дері бір үйдің баласындай тату-тәтті ғұмыр кешуде. Бірлік күні – елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен құрметтің нығаюына негіз болған бейбітшілік пен келісім саясатының жемісі. Әрбір этнос өзінше ерекше және өзгеше, әр-кімнің өз қақылары мен салтдәстүрлері бар. Дегенмен, біз бірлігіміз жарасып, өмір сүріп келеміз. Ынтымағы жарасқан елде тұрақтылық сақталғанда ғана еліміздің дамуы да баянды болмақ.
Қостанай облысының корей орталығы барлық облыс тұрғындарын Қа-зақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтай отырып, сіз-дерге зор денсаулық, бақыт, табыс, жақсылық тілейміз.