Ынтымақ пен бірлік мерекесі

1 мамыр – ынтымақ пен бірлік күні. Мемлекеттік мейрам елімізде 1996 жылдан бері тойланып келеді. Осы мерекеге орай Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №11 бөбекжай-бақшасында «Ынтымақ бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін» деп аталатын мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекенің негізгі мақсаты – балалардың бойына толеранттық тәрбиені қалыптастыра отырып, ынтымақтастыққа, достыққа, бірлікке тәрбиелеу болып табылады. Бұл іс-шараға бөбекжай-бақшасының педагогтерімен тәрбиеленушілері белсене атсалысты. Мереке Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталып, тақпақ, би, түрлі музыкалық аспаптарда ойнаумен жалғасты. Балалар әр ұлттың (қазақ, орыс, кәріс, кавказ, өзбек) өнерлерін көрсетіп, әндерін шырқап, мерекені жандандырды. Өзге ұлт өкілдерінің киімдерін киіп, билерін билеп, олардың дәстүрімен танысу арқылы балалардың бойында өзге ұлтқа деген сыйластық құрметі оянып, ой-өрісі кеңейеді. Аталмыш іс-шара соңында барлық ұлт өкілдері достық биін билеп, ынтымағы жарасқан ел екендігін көрсете білді.
Т. Меден
К. Мұхамбетжанова,
А.Ахатова,
№11 бөбекжай – бақшасы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓