Салиқалы сұқбат болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев QAZAQSTAN арнасына берген сұхбатында жұрт көкейінде жүрген сұрақтарға тұшымды жауап қатты.
«Жалпы мемлекеттің мәселесін мемлекеттік тілде айтуымыз керек. Тіліміз бізден басқа ешкімге керегі жоқ. Сондықтан ең алдымен өзіміз оған құрмет көрсетуіміз керек деп ойлаймын. Қаңтар оқиғасына қатысты деректің бәрі уақыты келгенде ашық айтылады. Халықтан жасыратын ештеңе жоқ», – деді Президент.

Мемлекет басшысы әрбір қойылған сұраққа іркілместен, тиянақты жауап қайтарып, салмақты әңгіме өрбітті. Ол қаңтардағы жаппай бүліктің себеп-салдары мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы стратегиялық серіктестерімен қарым-қатынастарына, қабылдаған шешімдеріне қатысты сауалдарға нақты жауап берді.
Мемлекет басшысы сұхбат барысында қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандардың құқығының қорғалуы мен оларға қатысты азаптау фактілері жайлы да өз пікірін білдірді.
"Мен Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураға тапсырма бердім. Шаш ал десе, бас алатын әрекеттерге жол беруге болмайды ғой", – деді Президент.
Және де бүгінде құрамында белгілі құқық қорғаушылар бар, тәуелсіз қоғамдық комиссия тыңғылықты жұмыс істеп жатқанын, олардың жұмысына ешкімнің кедергі келтірмейтінін, билік те, құқық қорғау органдары да олардың жұмысына араласпайтындығын айтты. "Олардың бәрі лаңкестерге жата ма?" деген сауал көпшілікті алаңдатып отырғаны белгілі.
«Лаңкестердің мақсаты – елдің тұтастығын бұзу, халықты қорқыту. Ал бейбіт шерушілер солардың қармағына түсті. Қазір сол кінәсіз азаматтардың құқықтарын қорғауымыз керек. Қозғалған әрбір іске қатысты мұқият тергеу жасалуы керек деп айтқанмын. Адамдардың құқықтарын бұзғандар жазаға тартылады», – деді Президент.

Қырмызы Жаңбыршина,
облыстық мәслихат депутаты