Зор жауапкершілік жүктелді

Мемлекет басшысы өзінің биылғы Жолдауында шағын және орта бизнестің күрделі кезеңді бастан өткеріп жатқанын, пан­демияның зардабы осы салаға ауыр тигенін ашық айтты. Шағын және орта бизнеске қосымша көмек ретінде экономиканың зардап шеккен салаларындағы кәсіпкерлердің қазіргі барлық несиелерінің 6 пайызға дейінгі жылдық мөлшерлемесі бойын­ша мемлекеттік субсидия беруді тапсырды. Ол үшін ел үкіметі үлкен бағдарлама әзірлеп, нақты жұмыстарға кірісіп кетті. Ал кәсіпкер ретінде біз де осы тараптан зор қолдауға ие боламыз деген сенімдемін.     сайт 1    Алайда өзім мейрамхана қожайыны болғандықтан, бизнес саласының әлі де болса жиі тексерулерге тап болып отырғанымызды жасырмаймын. Біз өз тарапымыздан мекеменің штатын сақтап қалғымыз келеді. Президент өз Жолдауында бизнеске қысым көрсетуге жол бермеуді айрықша күшейтуді назарға алды. Жергілікті билік осыған құлақ салса екен, айыппұлдар негізсіз, міне, әр басқанымыздан көрген сенімсіздік осы. Мен кәсіпкерлердің бизнесті еркін жүргізу құқықтарын қорғап келемін және әрі қарай да күресе беремін.           
Бір жағы өзім биылғы партияішілік сайлауға түстім. Біздің көпшілігіміз праймеризге алғаш рет қатысып отырмыз. Дегенмен мемлекет саясатының одан әрі жүзеге асуына атсалысу мақсатында бірқатар мәселені көтермекпін.           
Бағдарламамды әзірлеу барысында мен қала тұрғындарымен кездесіп, қандай мәселені ең өзекті деп санайтындарын сұрағанымда, олардың көбі үй-күйсіз жануарлар өткір түйткілдердің тізімін бастап тұрғанын жеткізді. Осы проблемаға тереңнен үңілген сайын біздің қаламыздағы жануарлар құқығының тапталуына байланысты көптеген жайттарға тап болдым. Осы жағының шешілуіне кіріспек ойым бар.
сайт 2            Қала тұрғындары қазір менің атыма көптеген сұрақтар жолдады. Қоқысты әкету тарифі жеке сектор үшін де, көп қабатты үйлердің тұрғындар үшін де бірдей. Ағаштарды қысқартып кесу, егілген өсімдіктердің жоғалуы жайында айтудан шаршады, басты мәселе – қайыңдарды сақтап қалу және оларды кеспеу. Қала кварталдарында ірі ғимараттардың салынуы үнемі жанжалдарға ұласып келеді, қазіргі таңда медициналық колледждің жатақхана құрылысы резонанс тудырып тұр. Досжанов көшесінен К.Дөненбаева көшесіне көліктік жолайрығын салу арқылы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының жүктемесін азайту. Қостанайда тым болмағанда бір ғана велосипед жолын салу (Корей көпіріндегі жағажайдан Әл-Фараби даңғылындағы көпірге дейін және әрі қарай Шағала жағалауына дейін велосипед жолы етіп жалғауды ұсынамын).           
Әрине, бұл менің алдыма қойған міндеттерімнің толық тізімі емес. Осы орайда Қостанай қаласы мен оның тұрғындарының мәселелерін жеке тұрғыда шешуге міндетті түрде атсалысамын.           
 
Гүлвира Құдайқұлова,           
«Глория» қонақүй-мейрамхана кешенінің директоры,           
Өңірлік кәсіпкерлер палатасы кеңесінің мүшесі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓