COVID-19: +28
28 сәуірде Қостанай облысында 28 адамнан коронавирус табылды.
Атап айтқанда, Қостанай қ. – 15, Рудный қ. – 4, Қостанай ауданында – 2, Лисаков қ, Денисов, Меңдіқара және Б.Майлина аудандарында 1адамнан дерт жұқтырған.
21 адам емханаға өздігінен жүгініп, 4 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде тексерілген.
Індет жұқтырғандардың ішінде 20 адамда ауру белгілері болды, 5 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 28 сәуір аралығында COVID-19-ды 14683 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 14185.