Қостанай дәрігерлері үздіктер қатарында
Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесін қарсаңында «2018 жылғы денсаулық сақтау жүйесіндегі ең үздік» республикалық байқауы өтті. Байқауға әр облыстың білікті дәрігерлері қатысты. Олар 13 номинация бойынша сынға түсті. Соның үшеуі Қостанай облысының ақ халаттыларына бұйырып отыр.
Байқау қорытындысы бойынша, «Денсаулық сақтау саласының үздік менеджері-ұйымдастырушысы» номинациясын Қостанай перинаталды орталығының бас дәрігері Булгацевич Татьяна Борисовна жеңіп алды. "Ең үздік ауыл дәрігері" аталымын Федоров ауданы орталық ауруханасының оташы-дәрігері Финк Евгений Викторович иеленді. Ал "Үздік тәуелсіз сарапшы" номинациясы «Қостанай Перинаталды Орталығы» ҚМК, бас дәрігердің орынбасары Әутенов Борис Балғабайұлына бұйырды.