COVID-19: +271
12 тамызда Қостанай облысында коронавирус 271 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. – 74, Қостанай ауданы – 28, Рудный қ. – 26, Мендықара ауданы – 26, Арқалық қ. – 24, Б.Майлин ауданы – 19, Әулиекөл ауданы – 17, Денисов ауданы – 15, Лисаков қаласы – 10, Қарабалық және Ұзынкөл аудандарында 8 – ден, Сарыкөл ауданы – 7, Қарасу ауданы – 6, Науырзым ауданы – 3.
217 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 49 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 5 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 224 адамда ауру белгілері болды, 47 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 12 тамыз аралығында COVID-19-ды 23 855 адам жұқтырған.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 21 521.
Осы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 271 621 адам, екінші компонентпен 208 551 адам вакциналанды.