Менингитпен сырқаттану 6 есеге төмендеді
2016 жылдың қаңтар-наурызында елімізде менингококк инфекциясымен сырқаттанғандардың саны 6 есеге төмендеген. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті сырқаттанушылық деңгейінің төмендеуіне қарамастан, менингит балалар мен егде жастағы адамдар үшін аса қауіпті екенін хабарлайды. Балалар ересектерге қарағанда 20 есеге жиі ауырады. Медициналық көмекке уақтылы жүгінбеген жағдайда сырқаттардың 50% өлім қаупі төнеді.