Анаға арнау
О, ана, пейілі кең аяулы ана.
Сөйлеген мейіріммен баяу ғана.
Мен қуансам қуандың, тұнжырасам,
Табасың жанға дәру алау жаңа.
О, ана, басыңдағы ақ жаулығың.
Ақ шашыңды жасырып жапты-ау бүгін.
Төзіміңмен білдірмей талай жылды,
Ауырдың да астымен өтті-ау күнің.
О, ана, келбетіңнің әжімдері.
Ол тағы нені маған мәлімдеді?
Әжім түссе, бәлкім, әже болғандығың,
Әйтпесе, дидарыңның сәні ме еді?!
О, анашым, ойнап-күліп, құлпырып.
Өмір мәнін, ұғындырып, ұқтырып.
Ақ көңілді пейіліңмен қонақжай,
Қарсы ала бер келген жанды тік тұрып.
Нұржан Толықпаев.
Қостанай ауданы.
кушти
Керемет жазыпсын Нуржан;