Ассамблеяның марапаттауына ие болды

Бүгін облыс әкімдігінде өткен аппарат жиналысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Тобыл өңірінің бір қатар азаматтары марапаттауға ие болды.
Елдегі бірлік пен тұрақтылықты нығайтуға, әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан сүбелі үлесі үшін соғыс және еңбек ардагері, Қостанай облысының құрметті азаматы еврей этно-мәдени орталығының мүшесі Бертран Рубинштейн Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен марапатталды.IMG_1374
–                     Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және Сізге, Нұралы Мұстафаұлы алғыс айтамын. Біздің Президент қазіргі заманның ұлы саясаткері деп санаймын. Мемлекетіміздегі татулық пен тұрақтылық сол кісінің көрегенділігі мен қажырлы еңбегінің жемісі. Сондықтан әр бастамасын қолдаймын. Ал өзімді Қазақстан халқының ұлымын деп білемін және мақтан тұтамын, – деді Роман Рубинштейн.
Ардагермен қоса, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» атты мерейтолық медалі Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы Сайлаубек Есжановқа,  Қостанай облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Бағытұр Дәндібаевқа, IMG_1395Қостанай облыстық ҚХА мүшесі, Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебк Үкинге, IMG_1402«Қазақстан-Қостанай» облыстық телеарнасының директоры Әлібек Татановқа, «Костанайские новости» облыстық газетінің бас редакторы Сергей Харченкоға табыс етілді.
 
Махаббат Бекбай
Суретті түсірген Айбек Жүзбай
   

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓