Сағынғанда
Әні мен сөзін жазған Серікбай Оспанұлы
Көп қараймын қырқаларға гүл терген.
Сенің жүзің, сенің көзің сияқты.
Көл бетінен керемет бір нұр көргем.
Қайырмасы:
Қабағында Ай күлген,
Жанарында Күн күлген.
Саған құшақ жайдым мен,
Сені күтіп жүрмін мен.
Сені көрем өзендегі ағыстан,
Ай туғанда сені көрем ғарыштан.
Қызыл-жасыл көйлегіңе ұқсайды
Түнгі қала қарап едім алыстан.
Қайырмасы:
Қабағында Ай күлген,
Жанарында Күн күлген.
Саған құшақ жайдым мен,
Сені күтіп жүрмін мен.
Орман-тоғай сен болып сыр шертеді,
Самал жел де сен боп түртіп өтеді.
Бұлақ үні, жапырақтың сыбдыры
Сенің үнің болып маған жетеді.