«Колледж аруы – 2021»

Ақтөбе облыстық жастар мен балалар ұйымдары қауымдастығының ұйымдастыруымен техникалық білім беру ұйымдары студенттері арасында қашықтан өткізілген республикалық «Колледж аруы-2021» байқауында Арқалық политехникалық колледжінің І курс студенті К. Насирила І орын иеленді.
Байқаудың мақсаты – қыз балалардың жан сұлулығы мен тән сұлулығын қатар алып жүрудің маңыздылығын түсіндіру. Сондай-ақ, өскелең ұрпаққа ұлттық салт-дәстүрді насихаттау.
 – Арнайы кастинг жарияланып, орта арнаулы орындарынан жүзге жуық үміткер қатысуға ниет білдірді. Іріктеу комиссиясының шешімімен 16 мен 25 аралығындағы сыр-сымбаты келіскен, бойында өнер-білімі толысқан 17 үміткер таңдалып алынды. Шешуші сында бойжеткендер «Мен қазақтың қызымын», «Менің өнерім» сайысы, «Таңғажайып киім» атты үш кезең бойынша бақ сынады. Сондай-ақ, «Ұлттық нақыштағы көйлектер дефилесі» және ақтық шарты @amido_aktobe парақшасында дауыс жинады. Қорытындысында қазылар алқасының шешімімен шәкіртіміз Камилла Қобланқызы бірінші орынды жеңіп алды. Ол колледжіміздің мақтанышы. Қоғамдық жұмыстарға да белсене атсалысады. Байқауда бағымыз жанды. Жерлестеріміздің қолдауына дән ризамыз, – дейді жетекшісі Алданыш Хамитжанқызы.
Мұрат
 Жүнісұлы
Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓