Республикада – үшінші!

       Жуырда Астанада мектеп оқушылары арасында сегізінші республикалық спартакиада мәреге жетті. Дүбірлі дода бағдарламасына биыл алғаш рет асық ату ойындары енгізілді. Ұлттық ойын бәсекесіне еліміздің тоғыз құрама командасы қатысқанын айта кеткен ләзім. Осы сындарда біздің облыс намысын қорғаған қыз-жігіттер Жамбыл облысы және Астана қаласының командаларын алға салып барып, жүлделі үшінші орынды жеңіп алды.асык
        Әсіресе, елорда төрінде облыс намысын қорғаған  Рудныйдағы №15-ші орта мектептің оқушылары, ағайынды Медет пен Дулат Әбдімұратовтар, Мариям Аяшева, Асқарбек Жусенов үздік ойындарымен көзге түсті. Мариям қыздар арасында жекелеген есепте жеңіс тұғырына көтерілсе, ағайынды Әбдімұратовтар үшінші орынды еншіледі. Жас спортшыларды республикалық спартакиадаға бастап апарған Кәрішал Какашев жоғарыда аталған мектептегі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ғалинұр Бектеновтың еңбегін ерекше атап өтті.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓