Алдыңғы қатарда

Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу орталығында «Айбын» жастарға арналған бірінші  республикалық  әскери-патриоттық жиынға  облысымыздағы «Сармат», «Ұлан» әскери-патриоттық клубтары қатысты.25.05_2_mkc
       Тәрбиеленушілерді жан-жақты дамуын жетілдіру, олардың әскери қызметке дене тәрбиесі және моральдік-психологиялық тұрғыда даярлығын жоғарлату мақсатында, әскерге шақырылатын жастар арасында  Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің спорт комитеті және  жауынгерлік дайындық департаментінің бас штабы әскери-қолданбалы  спорты бойынша  жарыстар өткізді. Жиынның қорытындысы бойынша Қостанай облысы жүлделі үшінші орынға ие болды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мадақтамасымен және кубогымен марапатталды. Жекелей есепте, мысалы, әскери-медициналық даярлық бойынша Салтанат Салаватова, Айым Рсалина, Александра Шевченко 2 орынды, Дәулеткерей  Бауыржанұлы  жерден қолды тіреп итерілуден 1 орын, Ғайса Джабаев жалпы әскери қорғаныс комплектіні плащ түрінде киюден 4 орын алды.
 
Гүлназым САҒИТОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓