«Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі»

Осындай атаумен Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Ө. Сұлтанғазин атындағы Педагогоикалық институтында Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша, «Шежіре-ғұмыр» танымдық іс-шаралар циклі аясында «Парасат» ДК және «Sanaly urpaq – 2050» ҚҚ ұйымдастыруымен Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған республикалық дебат турнирі өтті.

Турнирге 24 фракция қатысты. Олардың ішінде Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Семей, Павлодар, Ақмола облысы (Державин қаласы) және Қостанай қалалары қатысты. Дебат турнирінде 48 қатысушы бақ сынасты.
Турнирдің қорытындысы бойынша 1-орынға Ақмола облысының «Амир» командасы, 2-орынға Нұр-Сұлтан және Қарағанды қаласынан «Шыбық ұстаған самурай» командасы, 3-орынға Семей және Қостанай қалаларынан «Кейін» командасы ие болды.
Сондай-ақ, «Отмена» командасынан Өмірбек Камен және Аян Құдайбергенов финалист атанды. Зейнолла Оразхан «Үздік спикер», Бағлан Ақанбаев «Үздік төреші» атанды.
Жастар финалы нәтижесіне тоқталар болсақ, 1-орын Қостанай қаласының «Маквин» командасы иеленсе, 2-орын Қарағанды қаласының «IGAYA» тобы, 3-орын Қарағанды қаласының «Sónbe» командасына бұйырды. Сонымен қатар, «Элита» командасы финалистер атанды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓