Білім жарысы

«Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Қазақстан жастар фракциясы» қоғамдық қоры жүзеге асыратын Қостанай облысында «Жастар арасында рухани-адамгершілік тәрбие беру және тарихи есте сақтауды жетілдіру мақсатында іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы шеңберінде «Туған жер» зияткерлік ойыны өтті.
Зияткерлік ойынның мақсаты – топтық динамиканы қалыптастыру және топ арасында жұмыс істей білу, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың зияткерлік мүмкіндіктерін дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру.
Жобаны жүзеге асыру аясында «Sanaly urpaq-2050» қоғамдық қоры ойынға қатысу үшін ЖОО мен колледж студенттерін шақырды. Ойынға барлығы 5 команда қатысты.
Ойын қорытындысы бойынша Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжінің "Копер" командасы оза шауып, бірінші орынды иеленді. Екінші орын Қостанай аймақтық университетінің "КРУ" командасы иеленсе, үшінші орын Челябі мемлекеттік университетінің "Clever" командасына бұйырды. Жеңімпаздарға дипломдар мен мүсіншелер берілді.
Шара соңында ұйымдастырушылар барлық командаларға қатысқаны үшін алғыс білдірді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓