Күй үйретудің ерекшелігі көп

Тобыл қаласы "Алтын дән" мәдениет үйінде "Шаңырақ" Ұлттық өнер орталығында Қостанай облысы бойынша күйшілер одағының кезекті отырысы өтті. Отырысты одақ төрағасы, ҚР мәдениет саласының үздігі Батырбек Байназаров ашып, бірлестіктің алға қойған мақсаты мен жоспарларын таныстырып, орталықта алдағы уақытта өткізілетін іс-шаралар, шеберлік сағаттары жөнінде айтып өтті.
 "Күйшілер одағы" республикалық қоғамдық бір-лестігінің "Шәкірт тәрбиелеудегі күй үйретудің методикалық ерекшеліктері" тақырыбында музыка мектептері мен колледждегі домбыра пәні бойынша сабақ беретін ұстаздарға арналған курсқа қатысқан Әсем Искакова, Арайлым Белгібаева, Ж.Жармағанбетоваға сертификаттар та-быстады. Күйшілер одағының отырысына Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының қазақ ұлт аспаптар оркестрінің домбырашылары Мұрат Хамитов, Нұрбол Жатқанов, Данияр Рысбеков, Әсем Искакова қатысып, өз ойларын ортаға салды.
А.ӘБДІЛДА.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓