Жас суретші-мүсіншілер байқауы өтті

«Достық үйінде» бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнердегі жас авторлардың VI облыстық «Жас толқын-2015» байқауына қатысушыларды марапаттау салтанаты өтті. IMG_9043Шара мұрындықтары – облыстық Мәдениет басқармасы, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Суретшілер одағының Қостанай облыстық ұйымы. Байқауға Қостанай, Лисаков, Жітіқара қалалары мен өзге де аудандардан 35 жас автор қатысқан болатын. IMG_9075
IMG_9067Жұмыстар кескіндеме, бояу, сурет, мүсін, батик, лентамен кестелеу сияқты түрлі техникада орындалған. Сондай-ақ байқау тарихында ең алғаш рет «арт-метал» атты жаңа бағыттағы туындылар ұсынылды. Барлық қатысушылардың жұмыстары көрме ретінде қойылды. IMG_9046
IMG_9080
IMG_9052Шараға қостанайлық белгілі суретшілер, үміткерлердің туыс-туғандары мен құрбы-құрдастары қатысты. Жүлдегерлер қатарынан Марлен Шетлер, Арман Арстанбаев есімді жас мүсіншілер көрінді. Өзге де қатысушылар сертификатқа ие болды. Жас қылқаламшыларға танымал суретшілер шеберлік сыныптарын жүргізді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓