Ұлттық киім күні
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласындағы: "Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғы шарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға соғады", – деген тұжырымдама баршамыз үшін темірқазық.
Қазақстандағы барлық отбасы рухани жаңғырып, озық дәстүрлерді табысты сабақтастырып, жас ұрпақты ұлттық кодты сақтай алатындай етіп тәрбиелеуі – елдік міндет. Осы бағытта бірінші өзімізді талпындыру керекпіз. "Өркендеу" жобасын іске асыру аясында Қостанай ауданының білім бөлімінде және білім беру ұйымдарында аптаның жұма күні "Ұлттық киімдер күні" болып жарияланды. Аптаның бір күнінде оқушылар да, ұстаздар қауымы да ұлттық киім киіп жүреді. Бұл балаға тәрбие беріп, ұлттық дәстүірімізді санасына құятыны сөзсіз. Мұндай бастама көптеген білім ошақтарында да қолға алынғаны қуантады.