Жас ғалымның жетістігі

Елбасы тапсырмасы аясында биыл «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының 2-кезеңі басталған болатын. Осы жобаға Қостанай қаласының атынан қатысып отырған үміткер – Денис Качеев.article13544Денис Качеев – философия ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынұлы атындағы ҚМУ-нің философия кафедрасының доценті, Солтүстік Қазақстан өңірі бойынша «Қазақстан философиялық конгресі» ҚБ төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі.
Ол 1982 жылы 31 қазан күні Қостанай қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын тарих пәні мұғалімі болып бастаған. Денис Анатольевич – республикалық деңгейдегі танымал философ. Оның белсенді жұмысының арқасында Қостанай қаласы Солтүстік Қазақстанның жетекші философиялық орталығына айналды. Қостанай гуманитария ғалымдарының аймақтық философиялық орталығымен және шетелдік ғылыми ұйымдармен ғылыми байланыстары кеңейтілді. 2018 жылдың қаңтарынан бастап Денис Анатольевич Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институты жариялаған «Әл-Фараби» республикалық ғылыми журналының редакциялық алқасының мүшесі болды.
Качеевтің Қостанай, Астана, Алматы, Қарағанды, Көкшетау және Ресей Федерациясының Мәскеу, Челябі, Новосибир қалаларының ғылыми журналдарында және конференция материалдарында 70-тен астам ғылыми мақаласы жарық көрді. Бұл материалдардың ғылыми деңгейі жоғары, олардың нәтижелері Қазақстанның және шетелдердің білім беру жүйесіне енгізіліп, қоғамдық және ғылыми орталықтарда жоғары бағаланды. Ол 2015 жылы қазақстандық-британдық «Newton – Al-Farabi» қорының ұзақ мерзімді «Мемлекеттік басқарудағы оқыту» /«Learning in Governance» жобасына мүшелікке алынған. 2016 жылы Мәскеуде өткен «Саясаттағы Ресей мектебі» халықаралық жобаның қатысушысы. 2017 жылы Вена қаласында өткен Еуропалық Одақтың «Эразмус+» бағдараламсы шеңберінде өткен «Орталық Азия университеттерінің қоршаған ортаны қорғау және жерді пайдалану саласындағы аграрлық саясат саласындағы құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы семинарға қатысқан.
Денис Анатольевич – аймақтың қоғамдық пікірінің көшбасшысы, республикалық және облыстық форумдарда, конференцияларда, семинарларда аймақтық, ұлттық және халықаралық конференцияларда сарапшы және баяндамашы ретінде жұмыс істейді. Қазақстандағы үштілілік саясатының жүзеге асуына атсалысып келеді, философия мен әлеуметтану жөнінде ағылшын тілінде дәріс оқиды.

You may also like...

1 Response

  1. Татьяна айтты:

    Денис Качеев

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓