Қос қостанайлық жеңімпаз

Бүгін елордада ҚР Президенті Қ.Тоқаев "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпаздарымен кездесу өткізді. Олардың қатарында жерлестеріміз – Амантай Байжанов пен Инна Корнеева бар. 
Амантай Байжанов – Қостанай ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторы, полицияның аға лейтенанты. Ол осы қыста ақтүтек боранда көліктер колоннасына жол көрсетіп, 2 шақырым жүгіріп, осы ерлігі халық ілтипатына бөленген еді. Амантай – бұған дейін де бірнеше мәрте адам өмірін қауіптен арашалап қалған ержүрек жігіт.
"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жеңімпаздарының қатарынан табылғаныма өте қуаныштымын. Бірақ жеңіске жетем деп ойлаған жоқпын, дейді ол. – Осы жыл мен үшін ерекше есте қаларлық болмақ, оған желілерде тарап кеткен бейнежазба себепші. Бүгін Президентпен кездесу болып, бәрі тамаша өтті. Әр қаладан келген көптеген азаматпен таныстым".
Ал Инна Корнеева асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағытында селекциялық жұмыстармен айналысады. Ол Денисов ауданының Свердлов ауылдық округінің экономикалық-әлеуметтік дамуына үлесін қосып келеді. Меценаттықпен және волонтерлікпен айналысады. Асыл тұқымды сиырдың абердин-ангус тұқымын өсірумен айналысатын "Колос ферма" ЖШС-н басқарады.
Айта кетейік, "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасы төрт жыл бұрын басталды, осы уақыт аралығында оған 7,5 мың адам қатысқан.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓