Әскери міндетті өтеудің тәртібі бар

Қостанай гарнизоны әскери прокуратурасы облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментіне "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңдылықтың сақталуын қадағалады. Тексеру барысында, өткен жылы әскери жиынды 01.06.13 ж. бастап 28.06.13 ж. дейін және 01.08.13 ж. бастап 28.08.13 ж. дейін 36352 ә/бөлімшеде (Қарағанды облысы Спасск қ.) 200 адам әскери міндетін өтегені анықталды.
434_9578115d2ed4b97fd79d0085802eef1cҚР "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңы және "ҚР мерзімді әскери қызметіне шақыруды өткізу және ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысының 95 тармағына сәйкес әскери міндеттілер әскери жиынға шақырылады және олардың жұмыс орындары сақталады, оларға республикалық бюджеттен орташа еңбекақы төленеді.
Қостанай қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментіне есептік бөлу бойынша өткен жылдың маусымның басынан аяғына дейінгі кезеңге саны 100 адам және тамыздың басынан аяғына дейінгі кезеңге 100 адам әскери оқыту резервіне өтуге жіберілген.
Қостанай облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменттің 29.05.2013 жылғы "Әскери міндеттілерді әскери оқыту жиынына шақыру туралы" бұйрықтарына сәйкес 2013 жылғы маусым мен тамыз айларына 100 адамның тізімі бекітілген.
2013 жылғы шілдеге 100 адамға жалпы сомасы 7658074,0 теңге көлемінде еңбекақы төленген.
Тексеру қорытындысында орташа еңбекақы төлемін аударудың бірыңғай ережесі бұзылғаны, еңбекақыны дұрыс аударылмауы, еңбекақыны аудару бойынша 140 182 теңге артық төлем төленгені анықталды. Мәселен, Б.Оразбаевқа берген құжаттарына сәйкес есеп бойынша 68 571 теңге аударылған, ал ведомость бойынша еңбекақысы 195 349 теңге аударылған, оның сомасы 126 778 теңге артық төлемді құрайды. Осыған орай, тексеру барысында әскери міндеттілер С.Джумадиловтің, А.Юсуповтың және Б.Какимжановты ҚР ҚМ 36352 ә/бөлімшесінің  атаулы тізімінен шығарылғаннан кейін қабылдаған, осыған байланысты төлемақы олардың жиында болған кездерінде жасалуы керек еді.
Жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтар Қостанай облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің лауазымды тұлғаларының жұмысты дұрыс ұйымдастырмағанынан болған.
Қостанай гарнизонының әскери прокуратурасымен Қостанай облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының атына бұзылған заңдылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді, қарау нәтижесі бойынша лауазымды тұлғалармен мемлекеттік бюджеттен заңсыз төленген сомасы 475182 теңге көлемі толықтай өндірілді, сондай-ақ 97 560 теңгеге жуық материалдық зиян мемлекет пайдасына өндірілді.
К.БАЙЖАРЫҚОВ,
Қостанай гарнизоны әскери прокурорының аға көмекшісі.
 
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓