Басты назарда – еңбек қауіпсіздігі
Облыс прокуратурасы мүдделі органдармен және облыс әкімдігімен бірлесіп «Лайықты еңбек – қауіпсіз еңбек» жобасын қолға алды. Оның мақсаты – облыс кәсіпорындарында өндірістегі жұмыскерлердің жарақаттану, қайтыс болу фактілерін азайту.
Халықаралық еңбек ұйымының есептеріне сәйкес, әлемде жыл сайын еңбек қызметіне байланысты шамамен 2 млн жұмыскер қайтыс болады, оның 380 мыңы немесе 19% өндірістегі жазатайым оқиғалардан.Оның үстіне, әлем бойынша шамамен 160 млн адам еңбек қызметіне байланысты аурулардан зардап шегеді.
Қостанай облысында 2012 жылдан бастап жыл сайын 120-дан 230-ға дейін жазатайым оқиға орын алған, онда 140-тан 240-қа дейін адам жарақаттанды, 80-нен астам азамат қайтыс болды.
Мұндай жағдай прокуратура мен облыс әкімдігін жоғарыда аталған жобаны дайындап, қабылдауға итермеледі.
Жоба іс-шараларын ұйымдастыру шеңберінде жұмыс берушілермен және еңбек ұжымдарымен 47 әлеуметтік диалог өткізілді.
Жобаны іске асыру нәтижесінде оқу орталықтарында оқудан өткен жұмыскерлер саны 70-тен 3 842-ге дейін көбейді, 23 кәсіпорында үш есе көп жеке қорғаныс құралдары сатып алынды, 1067 кәсіпорынның жұмыс орындары аттестациядан өткізілді.
Еңбек Инспекциясының базасында жосықсыз кәсіпкерлер тізілімдері жасалынып, оған бірнеше рет жарақаттану фактілері орын алған 51 кәсіпкерорын енгізілді.
А.ж. қорытындысы бойынша көзге түскен 61 кәсіпорындарды облыс прокуроры мен әкімінің мақтау қағаздарымен марапаттау жоспарлануда.
Еңбек Инспекциясында жедел ықпал ету үшін «жедел желі» ашылды.
Қазіргі таңда жоба белгілі бір нәтижелерге жеткізуде. Егер 1-ші жарты жылдықта өндірістік жарақаттану мен жарақат алған жұмыкерлердің санының тұрақты түрде өсуі байқалса, қазіргі кезде олардың саны төмендеуде.
А.ж. 20 қарашасы жағдайына жазатайым оқиғалардың саны 115-тен 98 немесе 15%, жарақат алушылардың саны 133-тен 109-ға немесе 18% төмендетілді.
Жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғастырылуда.
Қостанай облысының прокуратурасы