“Кока-кола” ішіп, шіріген банан жеген”. Егіздер өлімі туралы жаңа деректер

6 жасар ағайынды Әділ мен Мирастың оқыс өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды, деп хабарлайды Экспресс К.
Естеріңізге салайық, Қостанай облысының Рудный қаласында егіз жеткіншектер 12 қазан күні белгісіз науқаспен ауруханаға түскен. Ауру диагнозы анықталмай, бірақ балалар өздерін жақсы сезінген соң үйлеріне жіберіледі. Бірақ 13 қазанда кешкі 20:30-да егіздер көз жұмды. Осы деректер бойынша тексерістер жүргізілген еді. Енді полицейлер бір тоқтамға келіп отыр.
«Қылмыстық іс ҚК 306-бабы (Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) және 317-бабы (Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы) бойынша жүргізіліп жатыр, – дейді облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.
Токсикологиялық сараптама әлі аяқталған жоқ. Дегенмен, қазір белгілі болып отырғандай, әжелерінің қарауында қалған жеткіншектер денсаулықтарына шағымданатын күні «Coca-Cola» ішіп, қабығы қарайып кеткен банан және беймәлім шоколад жеген. Таяу күндері жария болатын сараптама қорытындысы егіздер қазасының нақты себебін анықтап бермек.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓